BILIM MEDIA GROUP » СШ А.С.Пушкин
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
«А.С.Пушкин атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644)4-01-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » BILIM MEDIA GROUP
05
апрель
2020

BILIM MEDIA GROUP


BILIM – біздің жұмыстың мағынасын ашатын сөз ғана емес, өмірімізге шырақ болар басты құндылық. Халқымыздың «білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп» деген көнеден келе жатқан нақыл сөзі бар. Бірақ жалпы адамзат баласы бұл сөздің түпкі мағынасын енді ғана түсінгендей. Себебі бүгінгі заман талабы – жеке тұлғаның да, мемлекеттің де тағдырының тек білімге тәуелді болуы. Ендеше біздің мұратымыз – баршаға қолжетімді, сапалы білім беру.

MEDIA – білім беруге қажетті мазмұнды жасақтауға және оны таратуға қажетті технологиялар. Осы салада соңғы 20 жылда болған жаңалықтар адам өміріне Гутенбергтен Цукербергке дейінгі 500 жылға бергісіз өзгерістерді алып келді. Сол жаңалықтардың білім беруге тигізетін ықпалы күн санап артып келеді. Ендеше заманынан қалмауға талпыныс жасап жүрген контент шығарушы ұйым ретінде біз технология күшіне арқа сүйеген білімнің кемел болашағына кәміл сенеміз.

GROUP – білімнің қадірін жете түсінген, технологияның пәрменіне сенген майталмандар тобы дегенді білдіреді. Олардың арасында мектептің жайын жақсы білетін тәжірибелі мұғалім мен әдіскер маман да, жанына жақын ермегін сүйікті кәсібіне айналдырған жас ғалым, аниматор, дизайнер мен компьютер инженері де бар. Ниеттері мен пікірлері ортақ жасампаз адамдардың қиялы, қабілеті мен ерен еңбегі арқасында BMG жобасы өмір шындығына айналды.

Миссия

Bilim Media Group – Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы инновациялық компания. Біз білім беруге қажетті контентті жасаумен, оны бейімдеумен және соған қатысты технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысамыз. Бұл қызметтерді тұтынушылар арасында мемлекеттік мекемелер, ірі IT-компаниялар, медиақұрылымдар, елдегі жетекші оқу орындары бар. Дегенмен бәрінен бұрын бізге мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың ықыласы қымбат.

Ұстаным

Білім алу – сан қилы әрекет түрін қамтитын аса күрделі әрі үздіксіз процесс. Оған қатысатын әр адамның өзіндік қабілеті мен талғамы бар. Сондықтан да білім алу әр адам үшін ерекше процесс. Технологиялардың қарқынды дамуы білім алуды одан ары қиындатты дегенді соңғы кезде жиі естиміз. Жаңа ұғымдар, бағыттар, техникалық құралдар мен технологиялар өмірге көптеп еніп жатыр. Оған ілесу, барлығын түсініп, игеру тіпті кәсіби мамандарға да оңай емес. Бірақ біз осы технологиялардың керемет мүмкіндіктер туғызатын зор күшіне риясыз сенеміз. Технологиялық мүмкіндіктер БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ, САПАЛЫ БІЛІМГЕ жол ашады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив