02
октябрь
2024
Дублер күні «Даналық ұстаздан» челленджі
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дублер күніне» арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа бағыттайтын өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 10-8 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған балалар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді.
Іс -шара соңын қорытындылай келе, оқушылар "Дублер күні" алған әсерлері мен ұстаздық қызметтің қызығы мен қиындығы туралы өзара пікір алмасты. Мектеп әкімшілігі мүшелері,пән мұғалімдері де оқушылардың міндеттерін қалай атқарғаны жөнінде пікірлерін білдірді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды
Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.