«Мәңгілік жаса қыран елім- Қазақстаным!» Республика күні
Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу мақсатында 24 қазан күні Республика күніне меркелеік іс-шара өткізілді. 10 «А» сынып оқушылары желбіреген көк туымызды сахнаға алып шықты. 7 және 8 сынып оқушылары мерекелік іс-шараны өз деңгейінде өткізді.
24 қазан Республика күні қарсаңында 2023 жылдың қазан күні «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанаты рәсімін мектеп тәлімгері Жаманкулова Жансаяның ұйымдастыруымен талапқа сай өтті. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиынға мектеп директоры Ақсаулем Тұрарбекқызы, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Шондықызы, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманбек Онталапович , мектеп ұжымы, «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатысты.
«Жас Қыран» ұйымына білім ұясының оқуда үздік, екпінді оқушыларының қатарынан 18 оқушы қабылданды.