«Мектеп парламенті» ұйымының президентін сайлауы
Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жeтілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында "Өзін-өзі" басқару ұйымының президентін, "Адал ұрпақ" ұйымы президентін және "Жас ұлан" ұйымының Ұланбасшысын сайлау мақсатында мектеп тәлімгері Жаманкулова Жансаяның ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында мектеп парламенті президентінің және Жас Ұлан ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті.
І-кезең 4 қыркүйек күні үміткерлердің өтініштерін қабылдаумен басталды.
ІІ- кезең 15 қыркүйек күні үміткерлердік үгіт-насихаттарымен таныстыру болды.
ІІІ- кезең 29 қыркүйек күні дауыс беру парағы таратылып, дауыс берілді.
Сайлауға жалпы 250 оқушы қатысты, 240 сайлау парағы жарамды, 10 сайлау парағы жарамсыз деп танылды.
Мектеп парламенті Президенті сайлауының қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 9 «Б» сынып оқушысы Мінайдар Дидар Мектеп парламенті Президенті болып сайланды.