10
январь
2023
«Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымдарының жарты жылдық есебі
Мектебіміздің «Жас Ұлан» және «Өзін-өзі басқару ұйымының» мүшелерімен отырыс өткізілді. Әр ұйым өздерінің жарты жылдық есептеріне талдау жасап, мәліметтерімен таныстырып өтті. Әр фракция жетекшілері слайд түрінде есептерін өткізіп түсіндірме жұмыстарын жасады. Ұйым мүшелерімен бірге тәлімгер Ж.Жаманкулова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ахатаев және де директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кузбаков қатысты. Ұйым жетекшілері алдағы болатын іс-шаралардың жоспарларымен бөлісіп кетті.