13
сентябрь
2024
«Мектеп парламенті» "Өзін-өзі" басқару ұйымы
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұймының және «Мектеп парламенті» ұйымының президентін сайлауы өткізілді
Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жeтілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында "Өзін-өзі" басқару ұйымының президентін, "Адал ұрпақ" ұйымы президентін және "Жас ұлан" ұйымының Ұланбасшысын сайлау мақсатында мектеп тәлімгері Жаманкулова Жансаяның ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында мектеп парламенті президентінің және Жас Ұлан ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті.
І-кезең 5 қыркүйек күні үміткерлердің өтініштерін қабылдаумен басталды.
ІІ- кезең 17 қыркүйек күні үміткерлердік үгіт-насихаттарымен таныстыру болды.
ІІІ- кезең 26 қыркүйек күні дауыс беру парағы таратылып, дауыс берілді.
Сайлауға жалпы 160 оқушы қатысты, 150 сайлау парағы жарамды, 10 сайлау парағы жарамсыз деп танылды.
Мектеп парламенті Президенті сайлауының қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 9 «Ә» сынып оқушысы Әбілбек Ерсайын Мектеп парламенті Президенті болып сайланды.
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы болып 10 «А» сынып оқушысы Хожагелдиева Диана сайланды.