07
ноябрь
2018
Ұстаздар мерекесі
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебінің
2018-2019 оқу жылындағы ұстаздар мерекесіне
іс –шара туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылындағы ұстаздар мерекесіне
іс –шара туралы мәлімет
06.10.2018жылы «Ұстазым ұлық бәрінен» демекші, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адам жүрегіне алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кем де кем шығар. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар. Осы орай да оқушылар ұлағатты ұстаздарға деген құрметтерін музыкалық әуен және құттықтау сөздерімен білдіріп, мектептің алдынан ұстаздарды зор қошеметпен күтіп алды. Мереке одан әрі ұлкен мерекеге «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деген мерекелік іс – шараға ұласты. Іс – шарада «Ұстаз» сөзінің қасиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтіліп, ұстаздардың құрметтіне Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебінің өнерлі оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. «Өнегелі ұстаздан – жақсы шәкірт шығатын сөзсіз », - демекші ұстаздарға құрмет белгісі ретінде, жиын соңында «Ұстазым » әнін шырқап, қонақ ретінде шақыртылған ардагер ұстаздарға сыйлықтар мен құттықтау қағаздары тартылды.