12
февраль
2022
"Мұқағали мәңгілік ғұмыр"
Мұқағали Мақатаевтың туылғанына биыл-91 жыл. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы орта мектебі Халқымыздың аяулы ұлтының артына қалдырған өшпес мұрасы әр қазақтың жүрегінде маздап, әр шаңырақта, әр сахнада шарықтай, шырқала түсіп отырған Мұқағалидай перзенті бар халық-шыныменде бақытты дей келе "Мұқағали мәңгілік ғұмыр" тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Әдеби сазды кешті "Мұқағалитану" эллективті курсын жүргізетін Алиева Салтанат Жолдасовна 8 сынып оқушыларымен ұйымдастырды. Оқушылар ақынның өлеңдерімен поэзияларын орындап, кештің сәнін келтірді.
