22
февраль
2022
Кездесу
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жыл "Балалар жылына" орай жалпы облыс бойынша білім беретін мекемелердің оқушылары арасында санитарлық нормаларды сақтай отырып спорт жұлдыздарымен офлайн форматта аптасына 1 мотивациялық кездесуі өткізілсін 11.02.2022(03-353) хатына сүйене отырып,ауданымызға, облысымызға, республикаға танымал азамат Пшанов Берік Абулханұлы ағамызбен кездесу болып өтті. Кездесуде оқушыларға өмір жолымен қатар қандай жетістікке жеткені жайлы бейнеролик көрсетілді.Берік Абулханұлы кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып оқушылардың спортқа деген құлшынысының артуына себепші болды, кездесу соңында мектеп әкімшілігіне алғысын айтып, оқушыларға ақ батасын берді.



