«Теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл»
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру. Балалардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
3 сынып оқушылары арасында Ұлттық валюта Теңгеміздің 30 жыл толуына байынысты іс-шаралар болып өтті. 3 «В» сыныбы және 3 «Ә» сыныбы ұйымдастырып өткізілді.