11
декабрь
2023
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» Ерлік сағаты өткізілді
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі және Мектеп Лицей АӘТД жетекшілерінің ұйымдасыруымен өткен «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тақырыбында Ерлік сағаты өткізілді. Жиынға, ҚҚІЖББ бастығы подполковник Мустафаев Рашид Талипұлы.
Әскерге шақыру тобының инспекторы Аяпбергенова Данира Мухамедярқызы. Жастар ресурстық орталығының мамандары Орынбек Асылжан, Тілеуберді Фархат және Астана қаласындағы Ұлттық Ұлан гвардиясында азаматтық міндетін атқарып келген, Асқар Есқожа Нұрланұлы қатысты.
Бұл іс-шараның тәрбиелік мақсаты: Отанды сүюге, елжандылыққа, адалдыққа, Отанды қорғай білуге, антына берік, қырағы болуға тәрбиелеу. Сөз барысын ҚҚІЖББ бастығы подполковник Рашид Талипұлы оқушыларға өз өмірін қысқаша баяндап берді. Жастарға ҚР қызмемет ету әр-бір азаматтың қасиетті парызы және міндеті екенің айтып өтті. Оқушыларды өз елінің патриоты болуға шақырды. Әскерге шақыру тобының инспекторы Данира Мухамедярқызы сөз алып, оқушыларды әскери оқу орындарға түсуге шақырып, қандай оқу орындары бар екенің атап өтті. Оқушылар жаңа міндетін атқарып келген ағаларына сұрақтар қойып, өз алғыстарын білдірді. Мектеп Лицей АӘТД жетекшісі Жуманов Ермек «Ерлік өнегесі» тақырыбында баяндама оқыды. Іс-шағаның соңы мектеп оқушыларының дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды. Осындай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын табады. Назарларыңызға Рахмет!!!
