10
апрель
2019
Балаларға қауіпсіз интернет
Ғаламтор! Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор! Техниканың дамып кеткені сондай, уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаламтордың алдында мониторға телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан, ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздік танытып жатамыз. Біздің әрекетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларымыздың әрекеті қандай болмақ? Ақиқатымен қоса жалған ақпараты қатар жүретін ғаламтор балаларымызды жақсылыққа да, жамандыққа да итермелеуі мүмкін. Ғаламтор бетінде әдемі өле білуді, ашығу арқылы арықтауды және басқа жаман әдетке үйрететін сайттар қатары қаншама?! Сананы улайтын дұрыс емес ақпараттар ой-пікірі қалыптаспаған баланың денсаулығына, жан дүниесіне, тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жазба аталған жағдайлардан балаларымызды қалай қорғай алатындығымыз жайлы болмақ.
Ең алдымен Ғаламторда отырған кезде сақталуы керек үлкенге де, кішіге де ортақ ережелерді еске түсіріп алайық:

Электронды поштаңызға бейтаныс адамнан Word немесе Excel түрінде келген файлды ашпас бұрын, вирусын тексеріп алу керек.
Әлеуметтік желілердегі парольді ешқашан ешкімге беруге болмайды.
Парольді есте сақталуы қиын сандар мен сөздерден құрау керек.
Ғаламторда жеке басқа қатысты мәліметтерді көрсетпеу керек және ник, яғни бүркеншік ат қолданған жөн.
Ғаламторда танысқан кез келген бейтаныс адаммен кездесуден қорқу керек.
Егер ғаламтордағы әлдебір сайтқа тіркелу керек болса, жеке басқа қатысты ақпараттарды беруге болмайды.
Ғаламтордағы барлық ақпараттарға сене беруге болмайды. Ақпараттың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізіп алу керек.
Сақтансаң, сақтайды!