29
март
2023
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Бір бала бір ғана өтінім беруі тиіс (бір оқу орнына);
- Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 5 Мбайттан аспауы тиіс.
"Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)" қызметті қалай алуға болатыны туралы бейнероликті сілтеме арқылы қараңыз
Қызметті онлайн алу- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Порталға жүгінген кезде (құжаттар тізбесі):
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»:
- № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
- Көлемі 3х4 см баланың сандық фотосуреті;