Қамқоршылық кеңес » СШ А.С.Пушкин
Қабылдау бөлімі :
+7(72644)4-01-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2018

Қамқоршылық кеңес

Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңес мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ №1

Қаратау қаласы 17. 10.2018 жыл

Қатысқандар:

1. У.Хасенова – қамқоршылық кеңес төрайымы, ата-аналар комитетінің
төрайымы;
2. Н.Сүлейменов – Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
3. Н.Сейдалиева - Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету»
бөлімшесінің меңгерушісі қамқоршылық кеңесінің
мүшесі;
4. Н.Қожахметова – хатшы, ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
5. С.Темірбеков - Талас ауданының ведомстволық психологиялық
медициналық-педагогикалық консультациясы
мекемесінің меңгерушісі,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
6. Қ.Сауқымов – мектеп демеушісі,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
7. С. Асанбекова – ата-ана,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
8. Н.Хаданова – ата-ана,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
9. Ж.Тұрсынбаева – ата-ана,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
10. А.Торланбаева – мектеп директоры
11 .Ж.Көпжасаров - мектеп инспекторы

Күн тәртібінде:
1.Мектеп директорының қамқоршылық мүшелер алдындағы есебі
2.Мектептегі құқық бұзушылықтын алдын алу мәселесі
Тыңдалды
1. Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебінің директоры А.Т.Торланбаева қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында есебін берді, ол өзінің есебінде, биылғы оқу жылын 661оқушы, 36 сынып комплектісімен бастағанын, осы оқушыларға 56 мұғалім сабақ беретінін айтты. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдер қысқа мерзімді курстардан өтіп, үш тілді білім беру заман талабы екенін айтып, сертификатталған мұғалімдер бар екенін атап айтты. Сонымен қатар өткен оқу жылында 11 сыныпты 11оқушы аяқтап, 6 оқушы жоғарғы оқу орындарына, 5 оқушы колледжге түсіп, 6 оқушы грант иегері атанғанын айтып өтті. Биыл оқу жылында мектепке WI-FI кең жолақты интернет желісі қосылып, 45 компьютермен қамтылғандығы айтылды. Сондай–ақ әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға демеушілер есебінен қандай көмек көрсетілгенін, мектепте әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайы бойынша айтып өтті. Қазіргі таңда мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен 220 бала қамтылып, түгелдей құжаттары жинақталып, қамтылған оқушылардың үй жағдайына тексеру актісі толтырылғанын айтып өтті.
2. Мектеп инспекторы Ж.Көпжасаров мектепте және сыртта құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын және ата-ана балаларына жиі көңіл бөлуін, баланың бос уақытын құр өткізбей тиімді пайдалануын, баланы жат қылықтардан қалай қорғау керек екендігі туралы мағлұмат берілді. Компьютерге тәуелділіктің алдын алу, компьютерді танымдық және білім алу мақсаттарында пайдалану керек екендігін айтты. Жасөспірімдер арасында бірлескен түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, бала себепсіз сабақтан қалмауын, түнгі мезгілде ата-анасыз көшеде жүрмеу заңдарымен таныстырып өтті. Мектепішілік есепте тұрған 4 баламен атқарылған жұмыстарын түсіндіріп өтті. Есепке алынған баланың болашақтағы өмір жолында (есепке алынғаны туралы мәлімет ) кедергі келтіретіндігі туралы да түсіндіріп өтті.
Шешім:
1.2018-2019 оқу жылының бірінші тоқсанында атқарылған жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін
2. «Мектепке жол», «Қамқоршылық»акциялары барысында әлеуметтік көмектің көрсетілуі жүйеленіп, ары қарай жалғастырылсын, қамқоршылық кеңес мүшелер тарапынан акцияларға демеушілердің тартылуы қарастырылсын.
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері жаңа құрамда жұмыс жоспар бойынша жалғастырлысын.
4.Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүргізу жөніндегі қажетті іс - шаралар ұйымдастырылсын.
5.Оқу жылының соңына дейін оқушылардың ата - аналары, сынып жетекшілері ,мектеп әкімшілігі тығыз байланыста болып, түнгі рейдтің жұмыстары жалғастырылсын.







Похожие публикации:

20 ноябрь 2018 Сенім телефоны
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив