09
декабрь
2021
Кездесу
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 09 желтоқсан күні Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен 11 сынып оқушылары мен жоғары сынып жетекшілерінің арасында кездесу өтті. Еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Осыған орай Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз оқу орны Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге ынталандыру мақсатында үгіт насихат жүргізді.
Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері болу үшін Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсіп, сонда білім алуға шақырды. Ол жерде төтен-ше жағдайда азаматтарға қалай көмектесу керектігі, өртті дұрыс сөндіру, авариялық құтқару жұмыстарын, іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізу және азаматтық қорғанысқа қатысты өзге де қажетті мол ақпарат берді, бұл саланың қыр-сырымен таныстырды.
Бүгінгі таңда оқу орны 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды. Атап айтқанда: "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда қорғау", "Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық" және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі". Сондай-ақ, "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша қашықтан оқыту жүргізіледі.
