«Әлем бесігін тербететін жан-АНА»
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен Аналарымыздың, сұлу қыздарымыздың 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне арнап А.С.Пушкин ұжымының ер азаматтары таңертеңгі уақыттан бастап ұжымымыздың сұлу да сымбатты мұғалімдерін өздерінің арнауларын арнап, гүл шоқтарымен күтіп керемет көңіл күй сыйлады.
Мектебіміздің 6 «Ә» және 11 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Әлем бесігін тербететін жан- АНА» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар ұлағатты ұстаздарға арнап әдемі өлең жолдарын арнады. Сауытбеков Нұрзат пен Джузжасарова Жанельдің орындауындағы «АНА» туралы әні жүректі тербеді. 2 «В» сынып оқушылары «цветок» биімен өнер көрсетті. Мерекелік іс-шараны 11 «А» сынып оқушысы Абдуллаев Бағлан мен Сауытбеков Нұрзат «Қыздарай» әнімен тамамдады. Аяулы ұстаздарымыз бен сұлу оқушыларымыз әдемі көңіл күйге бөленді.