11
январь
2023
«Тұғыры биік тұлға»
Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерімде, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім, – дейді Д.А.Қонаев.
Мектебіміздің 7«Ә» және 6 «А» сынып оқушыларымен ұйымдастырылған іс шарамыз «Тұғыры биік тұлға» атты Д.Қонаевтың 111 жылдығына арнап өтілген болатын. Оқушылар өлен жолдарын оқып, арнауларын арнады. 7 «Ә» сынып оқушылары көрермен оқушыларға сұрақ қою арқылы Д.Қонаевтың игі істерімен таныс болды. Халықтың қалаулысы болған Д.Қонаев атамыздың музейіне де балалармен бірге барып, тамашалап қайттық.