«Күз байлықтары» жәрмеңке
Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың бал-бұл жанған жүзі десек қателеспейміз Осы күндердің нағыз шырайы- мектеп ауласында шат-шадыман бала күлкісімен өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып табылады.
Жәрмеңке - еңбегі екі еселене түсетін, пайдасы мол оқушы еңбегінің жарқын көрінісі. Бұл күні мектеп ауласына қаз қатар тізілген үстелдер, түрлі-түсті боялар нақышында салынған суреттер мен сатушы бейнесін сомдайтын оқушылар мен сынып жетекшілер қызу жұмыс жасайды. Ең бастысы- бұл күні Үштік Одақтың тығыз байланысы орын алады. Яғни, жәрмеңкеде мектеп- ата-ана және оқушының бірлескен жұмысын көруге болады.
Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сынып оқушылары аралығында күзгі жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге бастауыш сынып оқушылары мен жоғарғы сынып оқушылары өз үйлерінен алып келген заттарына тиімді бағаларын қойып, жәрмеңкені ойдағыдай өткізді. Оқушылар күз мезгілінде қандай дәнді дақлдардың, жеміс жидектердің пісіп жетілетінін ұғынды. Бұл жәрмеңкеде «Күзгі жәрмеңке - 2023» атты алғыс хатпен 8 «Ә» сыныбы марапатталды.