Қамқоршылық кеңес мүшелері жиналысы
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңес мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ №5
Қаратау қаласы 15. 05.2019 жыл
Қатысқандар:
1. У.Хасенова – қамқоршылық кеңес төрайымы, ата-аналар комитетінің
төрайымы;
2. Н.Сүлейменов – Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
3. Н.Сейдалиева - Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету»
бөлімшесінің меңгерушісі қамқоршылық кеңесінің
мүшесі;
4. Н.Қожахметова – хатшы, ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
5. С.Темірбеков - Талас ауданының ведомстволық психологиялық
медициналық-педагогикалық консультациясы
мекемесінің меңгерушісі,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
6. Қ.Сауқымов – мектеп демеушісі,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
7. С. Асанбекова – ата-ана,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
8. Н.Хаданова – ата-ана,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
9. Ж.Тұрсынбаева – ата-ана,қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
10. А.Торланбаева – мектеп директоры
11. М.Қарымсақ - Әлеуметтік педагог
Күн тәртібінде:
Мектеп директорының қамқоршылық мүшелері алдындағы жылдық есебі
Тыңдалды:
2018-2019 оқу жылын 661 оқушымен бастады (оның 116-ы орыс сыныбында), оның ішінде МАД тобында 47, 1-4 сыныптарда 301, 5-9 сыныптарда 298, 10 сыныпта 15 оқушы. Қазіргі таңда оқушы саны-670 (орыс сыныбында-139). Оның ішінде МАД тобында 53, 1-4 сыныптарда 301, 5-9 сыныптарда 302, 10 сыныпта 14 оқушы. Жыл басынан бері 9 оқушыға өсім бар.
2018-2019 оқу жылы мектепте жалпы 71 педагог-қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде пән мұғалімдердің саны – 62, педагог-психологтар -2, әлеуметтік педагог-1, кітапханашылар – 2, мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері – 3, тәлімгер – 1,56 педагог жоғары білімді, 15 – арнаулы орта.
Біліктілік санаты бойынша:
- жоғары санатты – 17
- І санатты – 10
- екінші санатты – 18
- санаты жоқ - 26
Оның ішінде:
- педагог-зерттеуіші – 4
- педагог-сарапшы – 2
- педагог-модератор – 2
Білім сапасы:
ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша мектепте 116 (18,8%) үздік оқушы бар.
Сыныптар бойынша:
1-4 сыныптарда – 74 оқушы
5-9 сыныптарда - 40 оқушы;
10 сыныпта- 2 оқушы;
екпінді оқушылардың саны - 306 .
Сыныптар бойынша:
1-4 сыныптарда - 133 оқушы;
5-9 сыныптарда - 164 оқушы;
10 сыныпта - 8 оқушы;
Мектеп бойынша білім сапасы- 68,3 (ІІ тоқсан-67 %), үлгерімі- 100%.
1-4 сыныптарда - білім сапасы – 68,7 (ІІ тоқ- 67 %)
5-9 сыныптарда - білім сапасы – 67,5 (ІІ тоқ-66 %)
10 сыныптарда - білім сапасы – 71 ( ІІ тоқ- 71 %)
Қазіргі таңда мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен 220 бала 2018 жылы қамтылып отырды, 2019 жылдан бастап білім бөлімінің бұйрығы бойынша 196 балаға қысқартылды, балалардың түгелдей құжаттары жинақталып, қамтылған оқушылардың үй жағдайын тексеру актісі толтырылды. Мектепте барлығы 670 оқушы бар, оның ішінде 207 бала көпбалалы отбасынан, 79 бала аз қамтылған, 46 бала жартылай жетім, 4 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар бар. «Мектепке жол» акциясында 40 оқушы киіммен қамтылды, «Тілектер шыршасы» атты қайырымдылық акциясында 10 оқушыға мектеп формасы, спорттық киімдер, спорттық аяқ киім, туфли, сөмке берілді, «Қамқорлық» Республикалық акция барысында 5 балаға қыстық киім, аяқ киім, азық-түлікпен, мектеп формасымен көмек көрсетілді. 2019 жылы білім бөлімі тарапынан бөлінген киімдер, оқу құрал- жабдықтарымен көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары және үйден оқитын оқушылар қамтылды. Алдағы таңда бастауыш сыныптардағы көп балалы, аз қамтылған, жартылай жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар мектеп жанындағы лагерьде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Жазғы сауықтыру «Жұрындысай» лагеріне жоғарғы сынып оқушыларынан көп балалы, аз қамтылған, жартылай жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларды білім бөлімінен келген жолдамалармен қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың жетістігі:
1. Қантар айында республикалық «Ақ бота» интеллектуалды марафонының қорытындысы бойынша:
І орын жүлдегерлері - 8
ІІ орын жүлдегерлері – 7
Оқу жылының наурыз айында Республикалық «Алтын тобылғы» ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілетін олимпиадасына 15 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 1; ІІ орын – 7; ІІІ орын – 3; сапа – 58%
Аудандық «Жыл оқушысы-2019» байқауына 6 сынып оқушысы Мөлдір Ергашова қатысып, ІІІ орын иеленді.
2. Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» өнер мен білім байқауында «Бейнелеу өнері және қол өнері» жанры бойынша Толқын Мусалимова І орын дипломмен марапатталды.
3. ХІ республикалық «Жарқын болашақ» KATEV қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша Ж.Кувандикова ІІІ орын, пән мұғалімі С.Алиева, «Әнші – бұлбұлдар» бағыты бойынша С.Абдраманов ІІІ орын, пән мұғалімі А.Нурова.
4. Аудандық «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар интеллектуалдық байқауы, Дәуіт Айнұр ІІІ орын - жетекшісі Н.Сауытбеков;
5. Аудандық «Жыл оқушысы - 2019» байқауында 6 сынып оқушысы Ергашова Мөлдір ІІІ орын;
6. Аудандық «Үш тұғарлы тіл – заман талабы» қалалық байқауда 9 сынып оқушыларының «Ұлы дала алғырлары» тобы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды;
7. Облыстық ТарМПИ-ты Кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасы ұйымдастырған «Өнерлі шоқ жұлдыздар» байқауында 4Ә сынып оқушысы Мусаиб Гүлнәз Бас жүлде иеленді– жетекшісі А.Мирзаимова;
8. Қалалық тоғыз құмалақтан жарыста Нұрмағанбет Азиза ІІІ орын;
2018 жылдың 15-16 қараша аралығында оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды қолдау мақсатында жалпы білім беретін пәндерінен 3-4 сынып, 8-10 сынып оқушылар арасында мектепішілік олимпиада өткізілді. 3 сыныптардан 21 оқушы, 4 сыныптардан 31, 8-10 сыныптар арасынан қоғамдық-гуманитарлық пәндер олимпиадасында 41 оқушы білімдерін сынады, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден 42 оқушы қатысты. Мектепішілік
олимпиада қорытындысы бойынша аудандық пәндік олимпиадаға 9-10 сынып оқушыларынан 14 оқушы жолдама алды, бірақ 1 оқушы денсаулығына байланысты қатыса алмады. Олардың ішінен 11 оқушы ІІ турға өтіп, 8 оқушы жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болды, сапа - 61,5%.
Шешім:
1.2018-2019 оқу жылындағы атқарылған қамқоршылық кеңес ұйымының жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Оқушылардың жазғы демалыс уақыты тиімді ұйымдастырылсын және жазғы сауықтыру лагеріне көп балалы, аз қамтылған оқушылар жіберілсін.
4.Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүргізу жөніндегі қажетті іс - шаралар ұйымдастырылсын.
5.Оқу жылының соңына дейін оқушылардың ата - аналары, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тығыз байланыста болып, түнгі рейдтің жұмыстары жалғастырылсын.
Хатшы М.Қарымсақ


