Елбасы үндеуін қолдаймын » СШ А.С.Пушкин
Қабылдау бөлімі :
+7(72644)4-01-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы үндеуін қолдаймын
24
март
2020

Елбасы үндеуін қолдаймын

Елбасы үндеуін қолдаймын! 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы- Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жыл 20 наурызда жариялаған Қазақстан халқына Үндеуін халқымыз қатты қолдап, одан үлкен күш алып отырғанын сеземін. Себебі ел басына қазіргідей қиын қыстау күн туған заманда Махамбетше айтар болсақ,  
*Қас үлектен туған кәтепті,
 Тоқтамай тартып шығарға,
 Қайыспас  қара нар керек,
 Біздің бүйткен бұл іске* -дегендей, бұл сынақтан елімізді аман алып шығу үшін халқымызға үлкен төзімділік пен ауызбіршілік керек. Мен Елбасының қашанда әрбір жолдаған Үндеуі мен Жолдауы, мақалалары халық игілігі үшін, экономиканың, ұлттық идеологияның дамуы үшін іске асырылатын нақты қадамдармен көрсетілетінін талай рет куәсі болғанмын. Тура сол ізбен бұл Үндеуде де 5 негізгі  кешенді даму бағдарларын ұсынған. Әрқайсысы маңызды және орнықты бірізділікті  көрсетеді. Қазақстан халқының короновирус індетіне қарсы тұру үшін негізгі амалдарды қолдану шараларын атап көрсеткен. 
     Халқымыздың *Ер басына күн туса, етігімен су кешер, Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер* деген сөзін еске ала отырып және Тұңғыш Президент Үндеуін қолдай отырып,  мен ел басына күн туған осындай тоқырау мерзімде иісі қазақ жұртшылығын, сабырлыққа, қайырымдылыққа шақырамын.
*Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің*  деп Шәкәрім атамыз айтқандай,  қолдан келгенше заманауи білімімізді, іскерлік қабілетімізді көрсететін кез келді. Қазақтың рухы қашан да сынбаған. Талай зобалаңды бастан өткерсе де, тек қана алға ұмтылған ата- бабаларымыз салған сара жолмен жүре отырып, бұл сынақтан да сүрінбей өтермізгтәрбиелеуде Көреген көшбасшысы бар елміз. Біздің болашағымыз жарқын, арманымыз асқақ, мәртебеміз биік!!!
     Қазақстанның болашағы болатын үміткер жастарды тәрбиелеуде өзіміздің бар білім мен іскерлік тәжірибемізді ортаға салуға өз әріптестерімді шақырамын.


Салтанат Алиева
А. С. Пушкин атындағы орта мектебі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив