25
январь
2023
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» /интеллектуалды ойын
Мектебіміздің 8 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Бұл сайысты Жәдікбай Аяулым және Әзім Нұрдана ұйымдастырды. Оқушылардың мақсаты:
1) Білімділік. Оқушылардың І жарты жылдық бойынша білімін бекіту, әр түрлі пәнаралық тапсырмаларды орындау.
2)Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Көшбасшылық қабілетке баулу.
3)Тәрбиелік. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу болды.
8 «Б» сынып оқушысы Мінайдар Дидар өзінің шапшаңдылығымен, ақылдылығымен, білімімен Бас жүлдені иеленді.