«Ұстаз деген - жарық күні ғаламның!» ұстаздар күні
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.
Мектебіміздің 7 «Б» және 7 «В» сынып оқушылары, мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесі өткізілді. Таңертең мұғалімдерді жақсы көңіл күймен қарсы алды! Мектебіміздің Акт залында ұстаздарымызға арналған «Ұстаз ұлы тұлға» атты іс-шара болып өтті. Осы іс-шараға 1сынып оқушылары, 5 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің директоры Торланбаева Ақсаулем Тұрарбекқызы Жас мамандарды марапаттап, жас мамандарға сәттілік тіледі.
Мектеп оқушыларымен «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» атты челледжі ұйымдастырылды. Оқушылар өлең жолдарын манерлеп айтып шағын видеоролик түсіріліп оқушыларға жолдану арқылы жасалды.