Қамқоршылық есеп 1 жарты жыл
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңес мүшелері жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Қаратау қаласы 09.01.2020 жыл
Қатысқандар:
- Санат Темірбеков – кеңес төрағасы, Талас ауданының
ведомстволық психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясы мекемесінің меңгерушісі;
- Гүлайым Усерова – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- Назира Қожахметова – хатшы, ата-ана, комиссия мүшелері;
- Жансая Тұрсынбаева – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- Нурсауле Хаданова – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- Нұрбол Сулейменов – Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
әдістемелік кабинет әдіскері, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- Салтанат Асанбекова – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- Қамысбай Сауқымов – мектеп демеушісі,Талас Тынысы газетінің бас
редакторы;
- Назым Сейдалиева – Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің
меңгерушісі.
- Ақсәулем Торланбаева – мектеп директоры
- Данияр Балбарақ – құқық тәрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушы
педагог
- Лаура Тұрсынхан – мектеп инспекторы
- Лариса Сапарова – әлеуметтік педагог
Күн тәртібінде:
1.Мектеп инспекторының І жарты жылдықта атқарған жұмысының есебі.
Тыңдалды
1. Мектеп инспекторы Лаура Тұрсынхан мектепте және мектептен тыс жерлерде құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы, ата-аналардың балаларға қаншалықты көңіл аударатыны, бос уақытын өткізбей, баланы бөтен әрекеттерден қалай қорғау керектігі туралы айтты. Өз сөзінде ол компьютерге тәуелділікті болдырмау үшін, компьютерді танымдық және білім беру мақсаттарында пайдалану қажеттігін атап өтті. Жасөспірімдер арасында бірлескен түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, бала себепсіз сабақтан қалмауын, түнгі мезгілде ата-анасыз көшеде жүрмеу заңдарымен таныстырып өтті. Қараша және желтоқсан айларында өткізілген рейдтің қорытындысы бойынша түнгі уақытта мейрамханаларда 18 жасқа толмаған жасөспірімнің жұмыс жасауы мен компъютерлік ойын клубтарында жүретін оқушыларға бақылау қатаң жүргізілді. Кәмелет жасқа толмаған оқушылардың жұмыс жасауына тыйым салынып, ата-аналарынан түсінік хат пен АКТ толтырылып, заңды өкілдеріне жауапкершілік құқықтық міндеттері ескертілген. Бұл жылғы мектепшілік тізімде тұратын оқушылар жоқ, ол үшін профилактикалық жұмыстарды уақтылы өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты мектеп директорының құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тынымсыз еңбегінің арқасында екенін атап айтты. ЮПТ тізіміне ілінген оқушының өмірлік хал-ахуалына қандай нұқсан келетінін ата-аналарға түсіндірді. Ата-аналарға балаларында қандай да өзгеріс пен мінезінің ауытқуын байқаса сынып жетекшісі мен психологтармен жедел сөйлесуін, теріс қылықтың алдын алу керектігін ескертті. Оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалануы үшін оқушылардың демалыс күндері қауіпсіздігіне ата-ана жауапты екендігін мәлімдейтін қол хат алынып, білім алушылардың үйірме, спорт орталықтарына баратыны жөніндегі ақпараттар бақылауға алу мақсатында жинақтады. Түнгі рейдттер жүргізілгенін, рейд барысында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздік орын алмағанын айтты.
Шешім:
- Кәмелет жасқа толмаған оқушылардың жұмыс жасауына қатаң тыйым салынып, білім алушының уақытын бос өткізбеуі басты назарға алынсын.
- Егер ескерту алған кәмелетке толмаған оқушының тағы да түнгі уақытта жұмыс жасауы байқалса ата-анасы жауапкершілікке тартылсын.
- Оқу жылының соңына дейін оқушылардың ата - аналары, сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі тығыз байланыста болып, түнгі рейдтің жұмыстары жалғастырылсын.
Мектеп директоры: А.Торланбаева
Қамқоршылық кеңес төрағасы: С.Темірбеков
Хатшы Л.Сапарова


