Елбасы үндеуін қолдаймын » СШ А.С.Пушкин
Қабылдау бөлімі :
+7(72644)4-01-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы үндеуін қолдаймын
24
март
2020

Елбасы үндеуін қолдаймын

Бүгінгі таңда әдемді жаулаған  атышулы індеттің  салқыны біздің халқымызға зиянын тигізбей қоймады. Наурыздың екінші онкүндігінде елімізге карантин  жарияланды.  Ал  Тұңғыш Елбасымыз — Н. Ә. Назарбаевтың  20 наурызда Қазақстан Халқына Үндеуі жарияланды.  Онда бұл вирустың  жер шарында  155- тен астам елде таралғанын, соның ішінде Қазақстанның да аумағында таралуда деп көрсетті.  Тұғырлы Тәуелсіздікке жеткізіп, 30 жыл бойы елі үшін еміреніп, халқы үшін қамқор болып келген Елбасымыздың  бүгін де  осынау сын сағаттарда  қарап қалмай өзінің Үндеуінде бұл  «дүлей дауылдан»  шығу үшін елді сабырлылық пен ынсаптыққа шақыра отырып, үлкен қауіп-қатердің  алдымызда тұрғанын, одан шығудың оңтайлы  жолдарын 5 бағытта  ұсынады.  Бұл ретте төтенше жағдайлардың жариялануы — маңызды міндет екендігін атап көрсетті.
       Тұңғыш Елбасының Үндеуін қолдай отырып, бүгінгі таңда ең қауіпті болып тұрған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жағдайға бей-жай қарамай, әрбір отандастар қолдан келгенше көмек қолын созса, азаматтар әрбір болған жағдайға терең мән бере түсіністікпен қараса, елдегі құқықтық тәртіпке бағына білсе, өзгені емес өзін қорғай алса—соның өзі бұл қиындықтан шығудың  бірден бір жолы деп білемін. Барлық азаматтарды, әріптестерімді, білімгерлерді, тәлім алушылар мен ата-аналарды сабыр сақтауға шақырамын. «Жұмыла  көтерген жүк жеңіл»  дегендей, халқымыздың басына туған осындай қиын кезде жұдырық болып жұмылып, бармақ болып бірігіп, келген сынақтарға сабырлықпен қарай білсек, қазіргі ұсынылып  жатқан құқықтық  тәртіпке бағына білсек, бұл күндер де артта қаларына сенім білдірсек — осының өзі індеттің таралмауының, аурудың алдын алудың шаралары болар еді. Мен жас маман ретінде барлық жастарды Елбасы Үндеуін қолдауға, сол Үндеуде айтылған амал-шараларды орындауға шақырамын. Болашақта халқымыздың әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық-демографиялық жағдайы өркендеуі үшін әлі талай шаралар  амалға асырылады деп ниеттенемін және қолымнан келгенше жас ұрпақты тәрбиелеудегі  өзіме тиісті салада үлесімді қосамын. 

Л.Сапарова
А. С. Пушкин атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив