«Жан жылуын сыйлаймыз!» 1 қазан қарттар күні
Қазақстан Республикасының өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға - апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Мектебіміздің белсенді оқушылары және Жас Ұландықтар, Мектеп парламенті оқушыларымен бірлесіп мерекелік іс-шараны Қарттар үйіне барып ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің өнерлерімен қарияларымызға керемет көңіл-күй сыйлап, әндетіп, қарияларымызбен би билеп, көңілдерін көтеріп қайтты. Қарттарымызға сый-сыяпатымызды көрсеттік. Қарттарымызға жақсы көңіл күй сыйлағанымыз үшін №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығының директоры Е.Әнетбаевтың алғыс хатымен марапаттады.