Қамқоршылық есеп » СШ А.С.Пушкин
Қабылдау бөлімі :
+7(72644)4-01-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
май
2020

Қамқоршылық есеп

Қамқоршылық есеп 2-жарты жыл
Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің

«Александр Сергеевич Пушкин атындағы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңес мүшелері жиналысының

ХАТТАМАСЫ 

Қаратау қаласы                                                                                09.01.2020 жыл

Қатысқандар: 



Санат Темірбеков       – кеңес төрағасы, Талас ауданының 
ведомстволық психологиялық-медициналық-        педагогикалық консультациясы мекемесінің меңгерушісі;

Гүлайым Усерова        – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;           
Назира Қожахметова   – хатшы, ата-ана, комиссия мүшелері;     
Жансая Тұрсынбаева   – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
Нурсауле Хаданова      – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;    
Алуа Асанқызы    – Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің 
әдістемелік кабинет әдіскері, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

Салтанат Асанбекова   – ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі;  
Қамысбай Сауқымов    – мектеп демеушісі,Талас Тынысы газетінің бас 
          редакторы;

Назым Сейдалиева        – Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 

  «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы    

  әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің     

  меңгерушісі.

Ақсәулем Торланбаева    – мектеп директоры
Данияр Балбарақ         – құқық тәрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушы 
   педагог

Лаура Тұрсынхан        – мектеп инспекторы
Лариса Сапарова           – әлеуметтік педагог


Күн тәртібінде:

1.Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмысын қорытындылау.

Тыңдалды 

Мектеп директоры А.Торланбаева осы 2019-2020 оқу жылдарындағы қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарымен және қамқорлықтағы балаларға көрсетілген көмек барысын айтып өтті. 1 шілде – 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке!» ұранымен  «Мектепке жол»  дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру комитеттері құрылып бекітілді. Акцияның жұмыс жоспары, орындалу мерзімі, орындалу нысаны мен күтілген нәтижесі хаттамаланып науқан соңында қорытындыланды. Науқан барысында 50 материалдық көмекке мұқтаж оқушыларға спорттық киім немесе мектеп киімі, мектеп құрал-жабдықтары сынды заттармен қамтылды. Акцияға қала ішіндегі 12 мекеме демеуші болып, үлесін қосты. Қазан қараша  айларында қамқорлықтағы оқушыларға әлеуметтік педагог пен психологтар тренингтер жүргізді. Жасөспірімнің өз құқығының тапталмауы, заңды білу заман талабы екенін ұғындыру мақсатында профилактикалық жиындар өтті. Желтоқсан айында қамқорлықтағы оқушылардың ішінде 2 оқушымыз Жаңа жылдық аудандық әкім шыршасына жіберілді, қаржылай сыйлық табыс етілді. Желтоқсан айының соңында аз қамтылған сонымен қатар көп балалы, тұрмысы төмен, жартылай жетім отбасынан шыққан балаларға жалпы қордан бір реттік қаржылай көмекке 30 бала тізімін  ұсындық, отыз отбасы осы көмекті алып өз ризашылықтарын білдірді. Мектеп директорының тәрбие орынбасары, құқық орынбасары, психолог және әлеуметтік педагог әр ай сайын қамқорлықтағы оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайын актілеп, баланың дамуына, әлеуметтік жағынан толық қамтылуын бақылап зерделеу жүргізіп отырды. Мұқтаждық туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп, тиімді іс-шараларын уақтылы атқарып отырды. Наурыз айынан бастап әлемдегі пандемияға  байланысты оқушылардың қашықтан оқу үрдісіне өтуіне орай  мектеп тарапынан көп балалы қашықтан оқытуға мүмкіндігі жоқ, өте мұқтаж отбасыларға компьютер құралдарымен қолдау көрсетілді. Екі айлық ыстық тамақтағы жалпы оқушылар сол мектеп күндеріндегі күнтізбелік есебі бойынша наурыз айының бір аптасы және сәуір, мамыр айының  құрғақ азық-түліктік өнімдері әр бала басына бір шағын жинағы ата-аналарға таратылды. Оқушылардың қашықтан оқу кезеңінде білім алуының сапасына аса мән берілді, мектеп ұстаздары тынымсыз еңбек етіп, осы қысыл-таяң кезде өз қажырлылықтарын көрсетті. Оқушыларымыз бен ата-аналарымыз бұл кезеңде әр өзгеріс пен саяси реформалық шешімдерге түсіністікпен қарады, соның арқасында жылды жақсы аяқтағауымызға себепші болғанын айтып өтті мектеп басшысы.






Мектеп директоры:                      А.Торланбаева



Қамқоршылық кеңес төрағасы:                     С.Темірбеков

Хатшы                                    Л.Сапарова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив